«Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 5 бұйрығы

 «Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 5 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27833 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»

Бұйрықпен бекітіліген амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларында:

1 және 2 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереже 15-тармағының 43) тармақшасына сәйкес әзірленді және амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды.»;

«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;

2) бейінді маман - жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.